Желтоқсан оқиғасына байланысты құжаттық жинақ жарық көрді

Уақыты: 2021-12-21 Көрлімі: 297 Сипаттама

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Желтоқсан. Декабрь. 1986. Документальная хроника» а...

211221122130558e.jpg

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Желтоқсан. Декабрь. 1986. Документальная хроника» атты ғылыми еңбектің таныстырылымы өтті, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Кітап Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналды. Желтоқсан оқиғасының қатпарлы сырларын паш ететін еңбекті құрастырып, оқырман қауымға ұсынған — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының кандидаты Берік Әбдіғалиұлы.

Аталмыш шараға тарихшы ғалымдар, желтоқсаншылар, зерттеуші жастар қатысты. Тәуелсіздіктің тұғыры болған Желтоқсан оқиғасына байланысты құжаттық жинақты зиялы қауым өкілдері жылы қабылдап, ұлт рухының оянуына қосылған еселі еңбек деп бағалады.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты құжаттық материалдар топтастырылған жинақ 3 бөлімге бөлініп, хроникалық ретпен берілген.


Бірінші бөлімде 1986 жылғы желтоқсан айындағы партия, мемлекет және құқық қорғау органдарының ресми құжаттары топтастырылса, екінші бөлімде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себептері мен жағдайы жайындағы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиум Комиссиясының зерттеу материалдары берілген.

Ал үшінші бөлімде ҚР Конституциялық Соты (1992-1994) қарастырған құжаттық материалдар тізбегі жинақталған.


Пікір жазу
  • Қазақ халқының бөлінуі мен тұтастану үдерісін пайымдаған монографияның тұсаукесері өтті
    2022 жылы Қазақстанда пәтер бағасы қалай өзгереді?

    Ұқсас тақырыптар