Қазақстан спортшылары қысқы Олимпиада шеруінде жүріп өтті

Уақыты: 2022-02-05 Көрлімі: 284 Сипаттама

4 ақпанның кешінде Қазақстан спортшылары Қытай астанасы - Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиад...

220204191339672e.jpg

4 ақпанның кешінде Қазақстан спортшылары Қытай астанасы - Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада шеруінде жүріп өтті,  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Ақ Олимпиаданың ашылу салтанатында еліміздің байрағын биыл алғаш рет бір емес, екі спортшы алып шықты. Оның бірі - шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжіғалиев болса, екіншісі - конькиші Екатерина Айдова.

Екі спортшымыз да құрамадағы тәжірибелі, жүлдеге таласуға мүмкіндігі жоғары спортшылар.

Еліміздің атынан ту ұстаушылар қазақ халқының тарихи образдарын сомдап шықты. Абзал Әжіғалиев қазақ батырын бейнелесе, Екатерина Айдова Сақ ханшайымы - Тұмар ханым (Томирис) бейнесінде шеруде жүріп өтті.

Команданың ту ұстаушылары киетін киімге негізінен қазақтың ұлттық ою-өрнегі «қошқар мүйіз» бейнеленген. Айта кетелік, өрнек элементтерін дизайнерлер Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайымен бірлесіп дайындады. Токио-2020 Олимпиадасында да осындай қадам жасалған болатын.








Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды.

Қазақстандықтар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.

Айтулы сынға әлемнің 90-нан астам елінен спортшылар келді. Бұған дейін Оңтүстік Кореяда өткен 2018 жылғы Пхёнчхан Олимпиадасында 95 елден спортшылар келген еді.


Сурет: Тұрар Қазанғапов, ҚАЗАҚСТАН ҰОК баспасөз қызметі


Пікір жазу
  • ҰҚК қызметін қайта форматтау басталды
    Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасымен келіссөз жүргізді

    Ұқсас тақырыптар