Egov.kz порталында баспана кезегіне қалай онлайн тіркелуге болады?

Уақыты: 2022-02-08 Көрлімі: 415 Сипаттама

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй қоры басқармасы пәтер кезегіне онлайн тіркелу әдісін Inst...

Без названия.jpg

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй қоры басқармасы пәтер кезегіне онлайн тіркелу әдісін Instagram парақшасында түсіндірді. 

Пәтер кезегіне онлайн тіркелу үшін не қажет:

- Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ).

1-қадам:

- egov.kz порталына кіреміз;

- Сіздің алдыңызда порталдың барлық бөлімдері шығады, «Жылжымайтын мүлік» қызметін таңдаймыз;

- Осыдан кейін алыңызда «Жылжымайтын мүлік» қызметі шығады, оның ішінде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» қызметін таңдайсыз.

- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басасыз.

Одан кейін әрі қарай сіздің алдыңызда екі қызмет шығады:

- кезекке қою;

- кезекте тұрғандар туралы мәліметті өзгерту.

Сіз «Кезекке қоюды» таңдауыңыз керек.

2-қадам:

- Сіздің алдыңызда бос өрістер пайда болғаннан кейін деректерді толтыру қажет.

- Содан кейін қолайлы санатты таңдаңыз.

- Ішкі санатты таңдаңыз.

- «Негіздеме» бөлімінде «ҚР аумағында меншік құқығында тұрғын үйдің болмауын» таңдау қажет.

- Деректерді толтырамыз: телефон нөмірі, электронды пошта, ЖСН.

- «Туыстық дәреже» бөлімінде отбасы мүшелері болған жағдайда міндетті түрде көрсетеміз.

Назар аударыңыз: «Жұмыс орны» бөлімін «Мемлекеттік қызметші» ретінде тұрғын үйге кезекке тұрғысы келетін өтініш берушілер ғана толтырады.

3-қадам:

- Өтінімге ЭЦҚ кілтімен қол қоямыз;

Нәтижесінде өтінім толтырылып, жіберілді.

Өтінімнің мәртебесін жеке кабинетте «Қызметтерді алу тарихы»бөлімінде көруге болады.

Өтінімді тұрғын үй басқармасы 30 күнтізбе күні ішінде қарайды, жауап есепке қою немесе қоюдан бас тарту түрінде телефонға смс-хабарламамен келеді.


Пікір жазу
  • Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасымен келіссөз жүргізді
    Қасым-Жомарт Тоқаев: Қаңтар оқиғасы қалыпты өмірімізді түбегейлі өзгертті

    Ұқсас тақырыптар