Алаяқтар жеке мәліметтеріңізге қол жеткізу үшін қандай бағдарламалар қолданады?

Уақыты: 2022-02-14 Көрлімі: 443 Сипаттама

Нұр-Сұлтан қалалық полицейлер алаяқтар адамдарды алдау үшін AnyDesk және TeamViewer бағдарлама...

anydesk-vs-teamviewer.png

Нұр-Сұлтан қалалық полицейлер алаяқтар адамдарды алдау үшін AnyDesk және TeamViewer бағдарламаларын қалай қолданатынын айтып берді.

Тәртіп сақшылары желідегі алаяқтықтың жиілеп кеткенін атап өтті.

Алаяқтар өздерінің схемаларында үшінші тарап құрылғысына қашықтан қол жеткізуге арналған танымал және заңды бағдарламаларды пайдаланады.

Мобильді банкинг дағдыларын толық меңгермеген азаматтарға зиянкестер «AnyDesk» және «TeamViewer» қосымшаларын жүктеуді ұсынады.

Осылайша, олар мобильді құрылғыларға немесе компьютерлерге толық қол жеткізе алады, бұл азаматтардан ақша ұрлауды жеңілдетеді.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда ең көп таралған схемалардың бірі банк қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу.

Көбіне алаяқтар колл-орталықтың ресми нөмірін қайталай отырып, банк карталарының қатысуымен қандай да бір күмәнді операцияларды жүргізу сылтауымен жаңылыстыруға тырысады.

Олар банк саласындағы білімдерін пайдалана отырып, пайдакүнемдік ниетінен өз құрбандарын асқан шеберлікпен шатастырады, бұл көбінесе жеке мәліметтерді иеленуге ықпал етеді.

Ал аңғал азаматтар алаяқтарға банк карталарының, CVV-кодының деректемелерін және келіп түскен СМС-парольдерді береді, нәтижесінде ақшалай қаражатты шоттардан оңай аударуға әкеп соғады.

Банк картасын ұстаушылар алаяқтардың құрбанына айналмас үшін, деректемелер мен СМС-парольдер туралы мәліметтер сұрап банк қызметкерлері атынан келіп түетін кез келген қоңырауды дереу тоқтату қажет.

«Есіңізде болсын, банк қызметкерлері ешқашан мұндай мәліметтер сұрамайды және қоңырау соқпайды. Осындай жағдайларда сақ болуларыңызды және барлық фактілер туралы полицияға хабарлауыңызды сұраймыз» - деп атап өтті ПД криминалдық полиция басқармасы бөлімінің бастығы Талғат Бөлегенов.

Дерккөз: "ҚазАқпарат"

Пікір жазу
  • Утилизациялық жинақтың мөлшері қанша болуы мүмкін?
    Инфляция деңгейін төмендетуге қатысты жаңа шаралар кешені әзірленді - Смайылов

    Ұқсас тақырыптар