Украинадағы жағдайға қатысты бейбіт шешім қарастыру керек - Мәулен Әшімбаев

Уақыты: 2022-02-24 Көрлімі: 331 Сипаттама

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинадағы жағдайға байланысты пікір білдірді. Осы ор...

220224123758a3903664d.jpg

 Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинадағы жағдайға байланысты пікір білдірді. Осы орайда ол шиеленісті бейбіт жолмен шешу үшін келіссөздер жүргізу маңызды болып тұр, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап берген палата төрағасы Украинадағы ахуал ушығып, жаңа кезеңге шыққанын, бұл жағдайда келіссөздер арқылы шиеленісте саяси шешімді пысықтау маңызды болып тұрғанын атап өтті.

Осы орайда М. Әшімбаев бұл келіссөздерде барлық мүдделі тараптар қамтылуы тиіс екенін сөз етті.

Сенат төрағасы БҰҰ осы тектес мәселелерді қарайтын негізгі халықаралық ұйым екенін еске салды. Сондықтан бұл дағдарысты дипломатиялық жолмен шешу үшін мүмкіндіктер бар.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Донецк пен Луганскіні тұрақтандыру шешіміне пікір білдірді.

Бүгін Украина Президенті Владимир Зеленский ел халқына үндеу жариялап, Украина аумағында әскери жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеді.


Пікір жазу
  • Автокөлік утильалымы 50 пайызға дейін төмендетіледі
    Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы бірлескен мәлімдеме жасады

    Ұқсас тақырыптар