"Ұрпағына ұран болған аналар" атты кітаптың тұсаукесері өтті

Уақыты: 2022-03-18 Көрлімі: 660 Сипаттама

Наурыз айының 15-і күні халықаралық "Алаш" силығының лауреаты,Қазастан республикасының еңбек сіңірген қайраткері,жазушы Шәрбану Бейсенованың құрастыруымен "Фолиант " баспасынан "Ұлы дала арулары" сериясы бойынша 2021жылы шыққан "Ұрпағына ұран болға...

1.JPG

Наурыз айының 15-і күні халықаралық "Алаш" силығының лауреатыҚазастан республикасының еңбек сіңірген қайраткеріжазушы Шәрбану Бейсенованың құрастыруымен "Фолиант " баспасынан "Ұлы дала арулары" сериясы бойынша 2021жылы шыққан "Ұрпағына ұран болған аналар" атты кітаптың тұсаукесері және оқырмандармен кездесуі А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада өтті.

2.JPG

Кездесуді "Қызай ана" қоғамдық қоры ұйымдастырыпмәдениеттанушы Бердалы Оспан модератор болды. Тарих ғылымдарының докторы Н. Мұқаметханұлыфилология ғылымдарының докторы Д. МәсімханұлыҚазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылмыи кітапханасының директоры Б. Т. БағаашароваЗария Әмірқызы, Айнұр Әбиденқызы қатарлы кісілер кітаптың тұсауын кесті және өз сөздерінде Қазақ құндылықтары мен мемлекеттік идеология тұрғысынан алып қарағанда кітаптың алар орны көтерен салмағы зор екенін атап өтті.

10.JPG

Жазушы Мағира ҚожахметоваБалдырған журналының бас редакторы Дүйсен Мағлұмұлы, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы Алматы филиалының басшысы О.Әділбекұлылары да сөзге шығып кітаптан алған әсерлерімен бөлісіпжазушыға шығармашылық табыс тіледі.

3.JPG

Әдеби кеш иесі Шәрбану Бейсенова апамыз өзінің шығармашылық барысын таныстыра келіп осы бір күрделі тақырыпты игеру барысында есте жоқ ескі заманнан бізге жеткен аңыз-деректерді қалай жинапсұрыптағанынжүйеге түсіргенінтарихи жылнамалармен салыстыра зерттегін ашалап әңгімелеп бердіалдағы жоспарларымен бөлісті.

"Қызай ана" қоры құрылтайшылары жазушының иығына хамзол жауып, қор мүшелері атынан алғыстарын жеткізді .

7.JPG

33.JPG


4.JPG

5.JPG

6.JPG

8.JPG


9.JPG

Пікір жазу
  • Серік Жұманғарин: Баспана бағасы қатты өседі деп ойламаймын
    2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысы 550 мың теңгеден асады – министр

    Ұқсас тақырыптар