Құлекеев халықтан Назарбаевты кешіруді сұрады

Уақыты: 2022-05-17 Көрлімі: 335 Сипаттама

Елбасы мен оның айналасында жүрген адамдардың озбырлығын немесе қылмысын бөліп қараға...

photo-2022-05-16-21-22-38.jpgЕлбасы мен оның айналасында жүрген адамдардың озбырлығын немесе қылмысын бөліп қараған жөн. Бұл туралы белгілі экономист, бұрынғы Экономика және сауда, Білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеев «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатта айтты.

«Елбасы да пенде, ол да әке. Ол да ата. Немере, шөбере сүйіп отыр. Отбасының айналасындағыларға қатысы қоғамда айтылып жатқан пікірлерге о кісі алаңдамайды екен, қынжылмайды екен деп айту өте қиын. Ол да ет пен сүйектен жаралған адам ғой. Меніңше, о кісіні дәл қазір табалаудың қажеті жоқ», – деп пікір білдірді ол.

Экс-министрдің ойынша, Назарбаевты кешіріп, отбасы мүшелері мен жақындарына қатысты күдік қылмыстық тексеру әділ жүру керек.

«Қолымыздан келетін болса егемендік үшін, келешек ұрпақ үшін о кісінің жақсы атын сақтап қалған дұрыс. Елбасы мен оның айналасында жүрген адамдардың озбырлығын немесе қылмысын бөліп қараған жөн деп ойлаймын. Президенттің ұстап отырған саясаты да сондай. Мемлекет үшін, болашақ ұрпақтар үшін, егемендіктің туын берік қылу үшін Назарбаевтың атқарған рөлі өте жоғары. О кісіні қазір қорлайтын болсақ, ол егемендікті қорлағанмен бірдей нәрсе. Сондықтан бұл тұрғыда мен халықтың Елбасыға кешірімді болғанын қалар едім. Ал отбасының жақын мүшелері мен отбасыға жақын азаматтар, сол кісінің жанында жүріп көп пайдасын көрген азаматтарды кешіру, кешірмеу жасаған іс-әрекеттеріне, қылмысына байланысты»,  – деп айтты Құлекеев.

Еске салсақ, жақында Президент Тоқаев оны қабылдап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы ұсыныстарын тыңдаған.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көруге болады.

 

Дереккөз: newsroom.kz

Пікір жазу
  • Президент қазақстандықтарды Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша референдумға қатысуға шақырды
    Қазақстан халқының 50 пайыздан астамы – 30 жасқа толмаған жастар - сарапшы

    Ұқсас тақырыптар