Коронавирус белгілері өзгерген жоқ – елорданың бас санитарлық дәрігері

Уақыты: 2022-07-11 Көрлімі: 156 Сипаттама

Коронавирус белгілері өзгерген жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемио...

220711141049067e.jpg

Коронавирус белгілері өзгерген жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Коронавирус ағымы өзгеріске ұшыраған жоқ. Науқастандарда жіті респираторлық вирустық инфекциялардағыдай белгілер бар. Ауруға шалдыққандардың шамамен 70 пайызы - екпе алғанына ұзақ уақыт болған адамдар. Бірақ, бұл адамдар белгілі бір себептермен қайтадан вакцина алмаған. Әрине, бұл иммундық қорғаныстың төмендеуіне әсер етіп отыр», - деді Сархат Бейсенова агенттік тілшісінің сауалына берген жауабында.

Оның атап өтуінше, аурудың өршитіндігі болжанған еді. Өйткені, жазғы уақыт демалыс маусымы болғандықтан адамдардың бір-бірімен араласуы артады.

Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының айтуынша коронавирус біршама төмен агрессивті формада өтеді. 

«Осы жылдың маусым айының соңынан бері елордадағы коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделеніп келе жатқаны байқалады. Айталық, осыдан бір ай бұрын тәулік ішінде бірнеше ғана жағдай тіркелсе, соңғы екі аптада орташа тәуліктік тіркелім 120 жағдайға жетіп отыр. Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының зертханаларда дәлелденген 118 жағдайы тіркелді. Коронавирус инфекциясының даму қарқыны бойынша репордуктивтілік сан 1,958-ге тең», - деді Сархат Бейсенова агенттік тілшісінің сауалына берген жауабында.

Оның айтуынша, аурушаңдықтың артуына қарамастан коронавирус біршама төмен агрессивті формада өтіп жатыр. Ең бастысы науқастардың ішінде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғандар жоқ.

«Қазіргі уақытта 118 науқас стационарларда, оның ішінде 11 науқас реанимация бөлімшесінде ем алып жатыр. Сонымен қатар 338 адам амбулаторлық жағдайда ем алу үстінде», - деді ол.


Пікір жазу
  • ҚМДБ: ЕЛІМІЗ БОЙЫНША ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫНЫҢ КЕСТЕСІ
    АҚШ Қазақстанға қылмыстық активтерді іздеуге және қайтаруға қолдау көрсетеді

    Ұқсас тақырыптар