Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қарасты Алмалы аудандық пробация қызметі бөлімі Қазақстан Республикасының 69 бабы 1 бөлігі және 174 бабы 5 бөлігі негізінде бас бостандығынан шектеу және шартты түрде сотталған адамдарға тұрғылықты жері туралы тиісті пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және ақпарат алу үшін электрондық бақылау құралдарын қолдануды бастады. Аталған электрондық бақылау құрылғысы бас бостандығынан шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы жазбаша ескертуі бар, бас бостандығынан шектеуге сотталған адамға қатысты бір жыл мерзімге, ал шартты сотталған адамға қатысты пробациялық бақылау сот қаулысымен ұзартылған мерзімге электрондық бақылау құрылғысы қолданылады. Осыған байланысты Алмалы аудандық пробация қызметі бөлімі есебінде тұратын қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеушілерді жаза өтеу тәртібін бұзбауға шақырды.
Алматы қаласы Пробация қызметі инспекторы
Сурет: inform.kz