2023 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі артады

Уақыты: 2022-12-30 Көрлімі: 297 Сипаттама

Келер жылы елімізде мұнай өндірісінің көлемі арта түседі деп жоспарланып отыр, деп хаб...

Снимок.JPG

Келер жылы елімізде мұнай өндірісінің көлемі арта түседі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Биылғы жыл қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі – 84 млн тонна. Бұл – өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 96,5%. Мұнай өндірудің төмендеуі Қашаған кен орнындағы «Болашақ» зауытындағы жоспардан тыс жөндеу жұмыстарына, Қарашығанақтан газ жеткізілетін Орынбор газ өңдеу зауытының тоқтауына, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумындағы жөндеу жұмыстарына байланысты болды. Олар 64,8 млн тонна деңгейіндегі мұнай экспортына теріс әсер етті, өткен жылғы деңгейден 4,1%-ға төмен», - деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министр келтірген мәлімет бойынша, 2023 жылға арналған мұнай өндіру жоспары – 90,5 млн тонна, ал экспорт көлемі – 71 млн тонна.

«Мұнай өндіру саласында ірі жобаларды іске асыру бойынша еліміздің 3 негізгі кен орнында жұмыс жалғасады. Теңіз кен орнында мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік беретін жоба іске асырылып жатыр. Биыл жоба бойынша жұмыстың жалпы ілгерілеуі – 95,2%. Жобаны 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр. 2023 жылы Теңізде ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасы аяқталады. Ол келешекте кен орнында жұмыс істейтін зауыттардың өңдеу қуаттарының толық жүктелуін қамтамасыз етеді», - дейді министр.


Пікір жазу
  • 2023 жылға экономикалық болжам
    Бас прокурор Қаңтар оқиғасы туралы: Бір күнде 8 облыстың әкімдігіне шабуыл жасалды

    Ұқсас тақырыптар