фото:autonews
Кейбір жүргізушілер үшін көлік - екінші үй. Сондықтан олар көлікте қажет заттарын тастап кетіп жатады. Алайда бұлай істеу қыс кезінде дұрыс емес. Суық температура әсерінен батареялар жарылып, дәрі-дәрмектер бүлініп, салдарынан денсаулыққа қауіп төнуі мүмкін, деп massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлаймыз.
Дәрі-дәрмектер
Көптеген адам күнделікті дәрі ішуді ұмытпау үшін оны көлікте сақтайды. Бірақ түнде төмен температура әсерінен олар тиімділігін жоғалтып, тіпті қауіпті болуы мүмкін.
Суыққа төзімдісі - таблеткалар мен капсулалар. Бірақ сұйықтықтар мен белсенді химиялық заттар төмен температураға байланысты өзгеруі мүмкін. Жүргізушілер дәрі-дәрмектерін әрқашан бөлме температурасында ұстағаны абзал.
Газдалған сусындар
Мұздатылған газдалған сусын салқын кезде ісініп, ішіндегі СО2-ге әсер етеді. Қақпағы ашылса, ыдысы жарылуына әкеп соғуы мүмкін. Мұндай заттарды түнде көліктен алып тастау керек.
Көзілдірік
Көлікте көзілдірік немесе күннен қорғайтын көзілдірік тастауға болмайды. Төмен температура линзаларды зақымдауы мүмкін. Осылайша, олар кеңеюі немесе тарылуы мүмкін. Бүлінген көзілдірік қауіпті, өйткені жүргізушілер жолды анық көруі керек.
Музыкалық аспаптар
Музыкалық аспаптарды көліктен алып тастау керек. Сонда ғана олар қатты суық кезінде нашарламайды.
Батареялар
Батареялар төмен температураға байланысты тезірек бітеді. Бұл құрылғының электрохимия реакцияларына әсер етеді, ал сілтілі батареялар жарылып та кетуі мүмкін.
Ноутбуктер мен ұялы телефондар
Ноутбуктер мен ұялы телефондардың ішкі батареяларына да суықта қауіп төнуі мүмкін. Электрон құрылғылар нашар жұмыс істейді, өйткені олардың ішкі литий-ион батареялары қыстыгүні салқыннан бүлінеді.