Мәдениет және спорт министрлігі Туристік саланы дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын көпшілік талқылауына шығарды, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.
«Ашық» НҚА порталында жарияланған тұжырымдамада қазіргі туризмнің жағдайына қатысты талдау жасалған. Онда аталған саланы дамытуға қолбайлау болып отырған негізгі проблемалар көрсетілген. Мәдениет және спорт министрлігінің дерегінше, жарияланған жоспарға сәйкес, 2029 жылға дейін туризмді ілгерілету үшін кешенді шаралар қолға алынады.
Тұжырымдаманы іске асыру аясында алдағы 6 жылда мына нәтижелерге қол жеткізу күтілуде:
- туризм саласындағы жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) көлемінің 6,3 трлн теңгеге дейін өсуі;
- туризм саласында жұмыспен қамтуды 800 мың адамға дейін ұлғайту;
- тұру және тамақтану қызметіне бағытталатын инвестицияны 260 млрд теңгеге дейін өсіру;
- ішкі туристер санын 11 млн адамға дейін ұлғайту;
- сырттан келуші туристер санын 4 млн адамға дейін ұлғайту;
- сапарлар жіктемесі бойынша қызметтер экспортын 5,5 млрд долларға дейін ұлғайту;
- қонақ үйлерді «eQonaq» ақпараттық жүйесімен қамтуды 100%-ға дейін ұлғайту;
- саяхат және туризмді дамытудың жаһандық индексі бойынша ДЭФ рейтингінде 50 орынға көтерілу.
Бұл жұмыстарды атқару үшін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қарды бөлінеді.
Құжатты ашық талқылау 3 наурызға дейін жалғасады.