Бейжің ЕО-ның қытайлық электромобильдерге салынатын баж салығына байланысты ДСҰ-на тағы шағым түсірд

Уақыты: 2024-08-16 Көрлімі: 58 Сипаттама

Бейжің ЕО-ның қытайлық электромобильдерге салынатын баж салығына байланысты ДСҰ-на т...

  Бейжің ЕО-ның қытайлық электромобильдерге салынатын баж салығына байланысты ДСҰ-на тағы шағым түсірді   

   Қытай Еуропалық Одақтың қытайлық автомобильдердің кейбір санаттарына кедендік баж салығын енгізуіне байланысты Дүниежүзілік сауда ұйымында дауларды шешу бойынша консультациялар өткізуді сұрады, деп хабарлады ДСҰ. 

   Халықаралық ұйым консультациялар туралы сұрау салу ДСҰ-да дауды ресми түрде бастайтынын түсіндірді. Бұл механизм тараптарға келіссөздер жүргізуге және одан әрі сот талқылауынсыз шешім табуға мүмкіндік береді. 

   Шілде айының басында Еуропалық одақ ҚХР-дан келген электромобильдерге салынатын баж салығын 17,4% - дан 37,6% - ға дейін көтеретінін мәлімдеді. Еурокомиссия тарифтер тоғыз айға созылған "заңсыз субсидияларға" қарсы іс-қимыл бойынша тергеу нәтижелері негізінде енгізілгенін хабарлады.



AB Silk Way телеграмм каналынан алынды. 


Пікір жазу
  • Транзиттік дәліздің мүмкіндігі мол
    Бейжіңде теміржол вокзалдарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету науқаны басталды

    Ұқсас тақырыптар