Астанада Нинся-Қазақстан кәсіпорындарының экономикалық және сауда-саттық келіссөздері бойынша конференциясы өтті
2024 жылғы 15 тамызда Астана қаласында Нинся халықаралық сауданы ілгерілету кеңесі (Нинся халықаралық сауда палатасы) ұйымдастырған кәсіпорындар арасында экономикалық және сауда қатынастарын орнату жөніндегі Нинся-Қазақстан конференциясы сәтті аяқталды.
Жиынды Нинся халықаралық сауда палатасы бас хатшысының орынбасары Го Цзе жүргізді. Жиынға барлығы 30-дан астам адам қатысты. Олардың қатарында: Нинся Сыртқы істер басқармасы директорының орынбасары Чжан Ливэй, Нинся сауда департаменті директорының орынбасары Цуй Яньшян, Ningxia Farming Group компаниясының қаржылық директоры Ма Цзэцян, Нинся Сыртқы істер басқармасының Азия және Африка бөлімі директорының орынбасары Ма Ливэй, және де т.б. қытайлық және қазақстандық кәсіпорын өкілдері болды.
Кездесуде екі тараптың басшылары аймақтың бизнес-ортасын, өнеркәсіп дамуын, субсидиялау саясатын және басқа да аспектілерді таныстырды. Компаниялар өздерін таныстырып, алмасулар, іскерлік келіссөздер, жобалық байланыстар және басқа да іс-шаралар өткізілді. Жиын барысында Нинся компаниялары қазақстандық компаниялармен байланыс орнатып, әлеуетті клиенттерді тапты.
Сонымен қоса, Нинся халықаралық сауда палатасы еліміздің Жебеу Республикалық қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты қытай кәсіпорындарының Қазақстанға инвестиция салуы мен бизнес ашуы үшін жақсы бизнес-ортаны және жақсырақ қызмет көрсету кепілдігін қамтамасыз етуді мақсат етті.
Біз Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетіп, даму мүмкіндіктерін бірге іздеп, жақсы болашаққа бірге ұмтылуға ниеттенеміз.
Аталып өткен конференцияның басты мақсаты «Қытай-Орталық Азия» саммитінің нәтижелерін толық іске асырып, Нинся ауданы мен Қазақстан арасындағы экономикалық және сауда инвестициялары, ауылшаруашылық, жем-шөп импорты және басқа салалардағы практикалық ынтымақтастықты ілгерілету; сыртқы дипломатияның ресурстарына сүйене отырып, қытай кәсіпорындарын халықаралық дәрежеге шығару болып табылады.
Қазақстандық іскер қонақтар қытайлық өкілдер тарапынан қазан айында 11-ші Қытай-Орталық Азия ынтымақтастық форумына қатысу үшін Нинсяға келіп, ауданды тамашалап, Нинся тағамдарынан дәм татуға шақырылды.