Осы күндері қытайдың Фужиян өлкесінде өтіп жатқан 23 кезекті әлем студенттерінің қытай тілін меңгеру сайысында Қазақстанның Алматы қаласынан барған Аружан есімді қызымыз сайыстың барлық кезеңдерінен тосқауылсыз өтіп, мақала жазу, сұрақтарға жауап беру, жарыссөзге қатысу сынды сынақтарды сәтті еңсеріп, 130 мемлекеттен келген 147 сайыскердің арасынан озып шығып, Азич чемпионы атанды. Бұл жайында ҚХР Алматыдағы бас консулдығының сайты хабарлайды.
Бес құрлықтың мықтысын анықтайтын ақтық сайыс 2 қыркүйекте басталмақ. Қарындасымызға сәттілік тілеп, еліміз жастарының таланты мен зыйынын паш қылып, абыройын асқақтата түссе екен дейміз.