Қазақстан Республикасындағы инфляция

Уақыты: 2024-09-05 Көрлімі: 44 Сипаттама

2024 жылғы тамызда айлық инфляция деңгейі баяулап, 0,6% құрады (ағымдағы жылғы шілдеде – 0,7%)...

IMG_4330.png

2024 жылғы тамызда айлық инфляция деңгейі баяулап, 0,6% құрады (ағымдағы жылғы шілдеде – 0,7%). Ақылы қызметтердің бағасы 1,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі 0,8% өсті. Азық-түлік тауарларының баға индексі 100% құрады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында су бұру тарифі 1,6%, суық суға 0,9% өсті. Қалалық автобуспен жол жүру – 9,3%, такси 1,8% қымбаттады. Бағаның өсуі тұрғын үйді жалға беруде байқалды – 1,4%.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде тамыз айында оқушылардың рюкзагына баға 4,7% өсті, балалар киіміне – 1,8%, балалар аяқ киіміне – 1,3%, кеңсе тауарларына – 1,1%. Баллондағы сұйық газ 1,7% қымбаттады.

Азық-түліктен апельсинге баға – 4,2%, күнбағыс майы мен қырыққабатқа – 2,2%, пиязға 1,9% өсті. Бағаның төмендеуі жүзімге – 10%, тәтті бұрышқа – 8,6%, қызанаққа – 7,8%, қиярға – 6,1%, қарақұмық жармасына – 3,6%, қызылшаға 3,2% белгіленді.

Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарлары бойынша ең жоғары өсім Абай облысында – 0,6%, азық-түлік емес тауарларда – Түркістан облысында 1,7%, ақылы қызметтер бойынша – Алматы қаласында 2,2%.\

2024 жылғы тамызда жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,4% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы 13,6%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 7,7%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,5% өсті.

2023 жылғы тамызымен салыстырғанда тарифтер орталықтан жылытуға – 33%, қоқыс шығаруға – 23,5%, су бұруға – 22,9%, электр энергиясына – 22,8%, суық суға – 21,9%, ыстық суға 20,2% өсті. Денсаулық сақтау қызметтері - 12%, байланыс қызметтері 14,9% қымбаттады. Ацетилсалицил қышқылының бағасы – 58,5%, белсендірілген көмірге – 30,4%, хилак фортеге – 24,3%, парацетамолға 20,1% өсті. Банан – 28,3%, қызанақ – 24,9%, қияр, зәйтүн майы 21,6% жүзім 21,2% қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде қырыққабат – 27,6%, қарақұмық жармасы – 23,4%, күнбағыс майы – 17,2%, пияз 14,2% арзандады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

*2024 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 42,0%, азық-түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 28,2% құрады.



Qazstat.kz сайтынан алынды

Пікір жазу
  • Қазақстанда келушілер саны бойынша қай өңір көш бастап тұр
    Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында Димаш Құдайберген өнер көрсетеді

    Ұқсас тақырыптар