Президент ҰҚК-ның экс-басшысына «Халық қаһарманы» атағын берді

Уақыты: 2024-09-10 Көрлімі: 112 Сипаттама

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қайраткері Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы»...

IMG_4381.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қайраткері Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

«Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды», делінген Ақорда таратқан ақпаратта. 

Сәт Тоқпақбаев Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасы, ҚР Президентінің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық гвардияның Қолбасшысы, ҚР Қорғаныс министрі, ҚР Тұңғыш Президентінің Кеңесшісі және Парламент депутаты қызметтерін атқарған.



egemen.kz сайтынан Дана Мырзақадір хабары

Пікір жазу
  • Сенаторлар АЭС салуға қатысты референдумға дайындық барысын талқылады
    Мемлекет басшысы «KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауытына барды

    Ұқсас тақырыптар