Бүгін Алматыда тұрғындар мен қала қонақтары ашық аспан астында тегін концерттер көреді. «Асыл Қазына» атты алғашқы ауқымды концерт сағат 18:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда басталады. Сахнада Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіман және т.б. танымал әншілер өнер көрсетеді.
Сағат 19:00-де «Алматы түні» атты екінші концерт басталып, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі ән шырқайды. Ал сағат 20:00-де сахнаға «МузАрт» тобы шығады.
Сондай-ақ, Арбатта «Жаңа ғасыр» театрының қатысуымен «Алматы – махаббатым» концерт спектаклі өтеді. Артистер әйгілі фильмдерінің саундтректері мен театрландырылған көрініс ұсынады.
almaty.kz сайтынан