IT және құрылыс: «бір терезе» жүйесін құру және интеграция

Уақыты: 2024-09-11 Көрлімі: 85 Сипаттама

Бүгін Astana Hub алаңында «бір терезе» (eQurylys) қағидаты бойынша құрылысты ұйымдастыруға арна...


IMG_4409.jpeg

Бүгін Astana Hub алаңында «бір терезе» (eQurylys) қағидаты бойынша құрылысты ұйымдастыруға арналған Порталда IT қоғамдастығы және құрылыс компаниялары қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты IT қоғамдастығын «бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты ұйымдастыру үшін Порталмен өз шешімдерін біріктіруге ынталандыру, сондай-ақ порталмен интеграцияға қажетті талаптар туралы ақпараттандыру болды.

Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың, IT және құрылыс саласындағы ұйымдардың өкілдері қатысты, мысалы, «Қазақстан құрылысшылар одағы», «Базис-А Корпорациясы» ЖШС, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, «KazIT service» ЖШС, «BTS Digital» ЖШС және т.б.

Құрылыс саласындағы ақпараттық жүйелердің мақсатты IT архитектурасы туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова айтты.

 Дөңгелек үстел барысында «бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты ұйымдастыруға арналған Порталмен ықпалдасу үшін жеке IT шешімдеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ жеке ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік портал арасындағы функционалдылықты саралау ұсынылды.  Бұл ретте барлық деректер мемлекеттің балансында сақталатыны айтылды.

 Сондай-ақ қазіргі уақытта құрылысты цифрландыру саласында жеке шешімдерді әзірлеп жатқан және «бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты ұйымдастыру үшін Порталмен интеграция бойынша жұмыс жүргізіп жатқан «Bnect», «BuildTech» компаниялары мен Қазақстан құрылысшылар одағының өкілдері сөз сөйледі.

Қызу пікірталас барысында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков пен Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің басшысы Сұлтанғали Жалқұл құрылыс саласы мен IT-компаниялар өкілдерін толғандырған сауалдарға жауап берді.

Дөңгелек үстел соңында вице-министрі Ж. Дүбірова барлық мүдделі тараптарды бәсекеге қабілетті нарыққа шығуға және құрылыс саласындағы өздерінің IT шешімдерін Порталмен біріктіруге, құрылысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыруға шақырды.

https://t.me/minpromstroykz телеграм арнасынан алынды

Пікір жазу
  • Қазақстан жақын арада тракторлар өндіре бастайды
    Мемлекет басшысы Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады

    Ұқсас тақырыптар