Сенатта кедендік саясат пен әкімшілендіру мәселелері талқыланды

Уақыты: 2024-09-18 Көрлімі: 56 Сипаттама

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары мүдделі мемлекеттік органдардың ж...

IMG_4526.png

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары мүдделі мемлекеттік органдардың және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесу өткізіп, кеден саясаты мен әкімшілендірудің түйткілді мәселелерін талқылады.

Кездесуге қатысушылар шикізат экспортына кедендік баж салығын енгізу, тау-кен металлургия секторына әкелінетін өнімдерге баж салығын төмендету, тауарларды әкелу мен әкету кезінде құжаттарды ресімдеу мәселелерін қарады. Депутаттар сонымен қатар еліміздегі лицензиялау жүйесінің сақталуын қадағалау және су көлігімен тасымалданатын тауарларды кедендік декларациялау мерзімін ұлғайтудағы проблемаларға назар аударды.

Сенаторлардың пікірінше, Қазақстанның кеден жүйесін дамытуда және мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара іс-қимылын жақсартуда бұл мәселелердің ерекше мәні бар. Отырыс қорытындысы бойынша талқыланған мәселелердің әрқайсысы туралы нақты шаралар мен ұсыныстар әзірлеу мақсатында жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.



Сенаттың басрасөз қызыметінен 

Пікір жазу
  • Сенат Төрағасы Алматы облысының тұрғындарымен АЭС салу мәселесін талқылады
    "SKYHANSA" Қазақстан-Германия консорциумы жаңа жүк-жолаушылар әуежайын салуға ниетті

    Ұқсас тақырыптар