ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Бейжіңде CIFTIS халықаралық көрмесі аясында өткен «Жібек жолындағы жасыл дамудың алтын көпірі» атты Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастық форумында сөйлеген сөзінде экологиялық көрсеткіштерді жақсарту және сауда дәліздерінің тиімділігін арттыру үшін жүк тасымалдауда электромобильдерге көшу және жасыл технологияларды пайдалану әлеуетін атап өтті.
Форумда Қазақстан мен Қытайдың «Бір белдеу - бір жол» стратегиясының негізгі элементіне айналатын «Жасыл жібек жолы» бастамасы талқыланды. Бұл бастама Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігіндегі маңызды қадам болмақ. Орнықты дамуды ілгерілетуге және экологиялық таза қайта құру жөніндегі жаһандық күш-жігерді қолдауға бағытталған.
t.me/sauda_inform телеграм арнасынан