Сенат депутаттары Закиржан Күзиев пен Жанболат Жөргенбаев Алматы облысындағы Қарасай ауданы гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен және ұжымымен кездесті.
Сенаторлар кездесу барысында АЭС құрылысының болашағы және оның ел экономикасын дамытудағы маңызы туралы айтып берді. Сенатор Кузиев өз сөзінде бұл жоба аралас салалар үшін, атап айтқанда, көптеген кәсіпорындар жұмыс істейтін Алматы облысына орасан зор мультипликативтік әсер беретінін атап өтті.
«Атом электр станциясының құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді, бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнесті ынталандыруға, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға әкеледі. АЭС құрылысына жұмыс күші мен мамандарды тарту сауда, қоғамдық тамақтану, көлік, тұрғын үй құрылысы және басқа да салалардың дамуына ықпал ететін болады», - деді Закиржан Кузиев.
Депутаттар сонымен қатар АЭС қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындысын азайтатынын, сондай-ақ өңірдегі электр энергиясының тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сенаторлар кездесуді қорытындылай келіп, білім беру саласы қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Азаматтарды алдағы референдумға белсенді қатысуға және азаматтық ұстанымын білдіруге шақырды.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)