Америкалық Uber мен қытайлық WeRide платформаға жүргізушісіз жүретін көлік құралдарын шығаратынын жариялады. Серіктестік БАӘ-мен басталады. Абу-Дабидегі Uber пайдаланушылары осы жылдың соңына дейін роботаксиге тапсырыс бере алады деп күтілуде. Айта кету керек, WeRide өткен жылы БАӘ-дегі бірінші және әзірге жалғыз жүргізушісіз көлік лицензиясын алды және елдегі ең үлкен роботакси паркін басқарады.
Тамыз айында WeRide Калифорния штатының реттеушісінен жолаушылармен бірге өздігінен жүретін көліктерді сынауға рұқсат алды. Алайда, 23 қыркүйекте АҚШ сауда министрлігі Қытай шығарған көлік құралдарының бағдарламалық және аппараттық құралдарына тыйым салуды ұсынды. Егер ережелер қабылданса, бұл қытайлық автоөндірушілерге 2027 жылдан бастап АҚШ жолдарында өздігінен жүретін көліктерді сынауға мүмкіндік бермейді.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан