Қазақстан медицинасы: Неге «Тәшкен көргендер» көбейді?

Уақыты: 2024-10-03 Көрлімі: 45 Сипаттама

Биыл медициналық ұйымдарға немесе қызметкерлерге 7 мыңнан астам шағым түскен. Оның іші...

Биыл медициналық ұйымдарға немесе қызметкерлерге 7 мыңнан астам шағым түскен. Оның ішінде 32% сапасыз медкөмекке, 22% ұзын-сонар кезекке, 15% медицина қызметкерлерінің дөрекілігіне, 12% қате диагнозға шағымданған.


Кезегі жетем дегенше ауруы асқына беретінін түсінетіндер бірден шетелге аттанады. Мысалы, Өзбекстанға жыл басынан бері 7 мың адам медициналық туризммен барған. Бірақ қомақты қаржы жұмсап, шекара асқандардың бәрі бірдей құлан-таза айығып келіп жатыр ма?


Салаға биыл 3,3 трлн теңгедей бөлінген. Оның 2,84 трлн теңгесі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына», 1,6 трлн теңге тегін көмекке арналған. Елде әрбір төртінші азамат медицинаға шағымданатын болса, бөлінген қаражаттың нәтижесі қайда?


@qazaqstantv телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Президент Қытай Халық Республикасының Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады
    Мемлекет басшысы соттардың қызметін одан әрі жетілдірудегі басым міндеттерге назар аударды

    Ұқсас тақырыптар