ҚАЗАҚСТАНДА АКУШЕРЛІКТЕ АҒЗА САҚТАУШЫ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ САНЫ 20%-ҒА АРТТЫ

Уақыты: 2024-10-16 Көрлімі: 37 Сипаттама

Қазақстанда акушерлікте диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін енгізу ағза...

IMG_4719.jpeg

Қазақстанда акушерлікте диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін енгізу ағза сақтаушы операциялардың санын 20%- ға ұлғайтуға мүмкіндік берді, нәтижесінде 2000 әйелдің бала туу  ағзасы сақталды.


«Акушерлікте диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін енгізу жалғасуда, босанғаннан кейінгі қан кетулермен күресудің жаңа тәсілі іске асырылуда. 

Сондай-ақ, «Феталдық медицина» жобасын іске асыру шеңберінде республикада алғаш рет ұрықтың патологиясы диагнозы қойылған жүкті әйелдерге ұрыққа жатырішілік операциялар жүргізілді. Дәрігерлер 11 жатырішілік операция жасады, 9 ұрықтың өмірі сақталды», - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова. 


  Неонаталдық хирургия мен осы технологиялардың трансферті дамыған сайын туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі 86%-ға жетті.


Орташа алғанда, ел бойынша жыл сайын туа біткен ақаулары бар 1500 жаңа туған нәресте хирургиялық ем алады. Жаңа туған нәрестелердегі ең төмен инвазивті эндо-бейне хирургиясының үлесі 40% - ға дейін өсті.


Жетістіктердің бірі - 10 перинаталдық орталық негізінде неонаталдық хирургия бөлімшелерінің ашылуы, бұл өмір сүрудің ең жоғары мүмкіндігін қамтамасыз етті.


Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК дан алынды

Пікір жазу
  • Қорғаныс министрлігінде Франция делегациясымен кездесу өтті
    ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ӘЙЕЛДЕРДІ СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНА УАҚТЫЛЫ СКРИНИНГТЕН ӨТУГЕ ШАҚЫРАДЫ

    Ұқсас тақырыптар