Қазақ-қытай шекарасында тексеріс жүріп жатыр

Уақыты: 2024-10-23 Көрлімі: 24 Сипаттама

Қазақ-қытай шекарасында жүк тасымалдаушыларға берілетін онлайн кезекті біреулер алды...

Қазақ-қытай шекарасында жүк тасымалдаушыларға берілетін онлайн кезекті біреулер алдын ала сатып жатыр. Қазір орын брондау үшін арнайы чаттар ашылып, 2 апталық кезек саудаланып кеткен көрінеді. 


"Нұр Жолы - Қорғас" өткізу пунктінде туындаған мәселені тексеруге Бас көлік прокуратурасы мен  кірістер департаментінің мамандарынан құралған арнайы жұмыс тобы барды. Белгілі болғандай, СarGoRuqsat сервисінде жасанды «көмекшілер» мен роботтар пайда болған.  Ол жүйедегі бос орындарды жасырып тұрады. Сондықтан, жауаптылар кезек брондау тәсілін өзгерткелі отыр. 


Енді кезекті алу, өткізу пунктінен өту уақытын/күнін таңдау мүмкіндігі пайдаланушыға форматтық-логикалық бақылаудан өткеннен кейін беріледі. Бұл реттілік бізге кезекте тұрған орындарда алыпсатарлық жасайтын адамдарды жоюға мүмкіндік береді. Ал адал тасымалдаушы асықпай-ақ талаптарға сәйкестік тестінен өтіп, содан кейін ғана қолайлы жол жүру уақытын таңдай алады, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті. 


✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арүасынан алыүды .


Пікір жазу
  • Қытай ғалымдары «ай» кірпішін ойлап тапты
    Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР-ның мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды

    Ұқсас тақырыптар