ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерлік үлесі - 38,2%

Уақыты: 2024-10-25 Көрлімі: 49 Сипаттама

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 2 028,7 мың белсенді шағын және орта кәсіп...

IMG_4857.jpeg

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 2 028,7 мың белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі (ШОК) тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 0,7% артық. ШОК саласында жұмыспен қамтылғандар саны 4 267 мың адам болса, 2024 жылдың алты айында ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы 34 266,8 млрд теңгеге жетті.


ШОК субъектілерінің ең көп саны жұмыс істеп тұрған субъектілердің жалпы санының 69%-ын құрайтын дара кәсіпкерлерге тиесілі. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің заңды тұлғалары 17,7%, шаруа және фермер қожалықтары 13,1% құрайды. Орта кәсіпкерлік субъектілерінің заңды тұлғалары жұмыс істеп тұрған субъектілердің жалпы санының 0,1% ғана құрайды.


Жұмысшылар саны бойынша да дара кәсіпкерлік алда, онда 1,8 млн адам жұмыспен қамтылған, 1,6 млн адам шағын кәсіпкерлік субъектілерінің заңды тұлғаларында еңбектенеді.


Белсенді ШОК субъектілерінің ең көп үлесі Алматы (353,8 мың бірлік), Астана (234,4 мың бірлік) қалаларында және Түркістан облысында (207,9 мың бірлік). Жұмыс істеп тұрған субъектілердің ең аз саны Ұлытау облысында (18,3 мың бірлік) тіркелді.


ШОК субъектілері көтерме және бөлшек сауда саласында көп (723,1 мың бірлік), сондай-ақ олардың саны ауыл, орман және балық шаруашылығы (299,5 мың бірлік) және басқа да қызметтерді көрсету (298,4 мың бірлік) салаларында көп.


2024 жылдың қаңтар-маусым айларында республикада ЖІӨ-дегі ШОК үлесі 38,2% құрады (оның ішінде 31% шағын кәсіпорындар ) және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайыздық тармаққа өсті.


Qazsrat сайтынан 


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы
    Қазақстан Президентінің атына Республика күніне орай келіп түскен құттықтау жеделхаттары

    Ұқсас тақырыптар