АЛМАТЫДА СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР ШЫҒАРЫЛА БАСТАЙДЫ

Уақыты: 2024-10-26 Көрлімі: 48 Сипаттама

Халықаралық Roche және Нобель компанияларымен бірлесіп Алматы фармацевтикалық фабрикас...

IMG_4858.jpeg

Халықаралық Roche және Нобель компанияларымен бірлесіп Алматы фармацевтикалық фабрикасының базасында сүт безі обырына қарсы дәрілік препараттар өндірісін оқшаулау жөніндегі жоба іске қосылды. 


Алматыда Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен кәсіпорынның ашылу салтанатында аса маңызды онкологиялық препараттар өндірісін оқшаулау қазақстандық пациенттердің обырдан емдеудің инновациялық әдістеріне қолжетімділігін жақсартып, өмір сүру ұзақтығын арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.  

  

 Мемлекет басшысы отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісінің үлесін фармацевтикалық нарықтың жалпы көлемінің 50%-на дейін ұлғайту міндетін қойды. 


  ҚР-ның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асыру шеңберінде жаһандық фармкорпорациялармен ынтымақтастықты кеңейту, инвестициялар тарту, өндірісті оқшаулауға технологиялар трансферті және жаңа әзірлемелер тарту жөніндегі шаралар көзделеді, бұл импорттық препараттарға тәуелділікті қысқартуға, олардың құнын төмендетуге және оларды пациенттер үшін барынша қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

https://t.me/DenMinPR нан алынды

Пікір жазу
  • Қазақстан Президентінің атына Республика күніне орай келіп түскен құттықтау жеделхаттары
    Аяқ киім фабрикасын іске қосу жоспарлануда: қуаттылығы жылына 200 мың жұп болады

    Ұқсас тақырыптар