2024 жылы 24 қыркүйек Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факултеті Республика күні мерекесіне орай отанымызға келіп оқу жолын бастап жатқан студенттермен “Атамекенге қош келдіңіз!” атты мерекелік кеш ұйымдастырып, атажұртқа енді келіп жатқан жастарға Республика күнінің келіп шығу тарихы және оның тарихи маңызы, патриоттық тәрбие мәселелері жайлы мағлұмат беру мақсатында университеттің қатысты факултеттерінен аға буын өкілдерін шақырыпты. Заң факултетінің профессоры Ақылбек Исабеков, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Алматы қалалық филиалының жетекшісі Омарәлі Әділбек қатарлы аға буын өкілдері тұшымды да дәлелді әңгімелерімен студенттерді республика күніні қатысты информациялармен хабарландырып қоймай, отаншылдық түйсік, ел мүддесіне жауапкершілік, отанға біліммен қызмет көрсету тақырыптарында кеңестерін берді.
Кеш аясында ДҚҚ Алматы филиалының басшысы О.Әділбекұлы қауымдастық атынан 5 студентке, “Жебеу” РҚБ төрағасы Құрмет Қадылғазыұлы аталған ұйым атынан 10 студентке бір реттік стипендия тағайындады. Стипендияттар ата-анасынан айырылған немесе жағдайы төмен отбасылардан шыққан, үлгерімі жақсы, белсенді студенттер саналады. Олар өздері оқып жатқан факултеттің ұжымының таныстыруымен іріктелген болатын.
Жебеу ақпарат