Қазақстан Қытайға бидай экспортын ұлғайтты

Уақыты: 2024-10-27 Көрлімі: 28 Сипаттама

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақста...

IMG_4876.jpeg


ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның астық бойынша экспорттық әлеуеті туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев баяндады.

 

  Ол Қазақстанның астық бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тоннаға бағаланатынын, оның 7,5 млн тоннасы бидайға, 1,4 млн тоннасы арпаға, 300 мың тоннасы жүгеріге тиесілі екенін хабарлады. Майлы дақылдар бойынша әлеует 1 млн тоннадан асады деп бағаланады.

 

«Қазақстан Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің нарықтарына астық жеткізуді жалғастырады, бұл шамамен 4,2 млн тонна. Жалпы, Қытайға астық экспорты 2023 жылы 1,43 млн тоннаны құрап, жылына 5,5 есе өсім көрсетті», — деді Қайрат Төребаев. 

  

  Вице-министр сондай-ақ бидайдың Қытайға экспорты айтарлықтай артып, 2023 жылы 538,8 мың тоннаға жеткенін атап өтті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15 есе артық. 


«Бұл Қытай мен Азия елдеріне 1,6 млн тоннаға дейін бидай жеткізу мүмкіндігін көрсетеді. Қытай органдарының талаптарына байланысты шекарада кідіріс мәселесін, сондай-ақ Қытайдағы қазақстандық астық импортына лицензиялар мен квоталар сияқты күрделі шарттарды пысықтау маңызды», — деп қосты Қайрат Төребаев. 

 

• Сондай-ақ вице-министр жаһандық сұраныстың артуы және бірқатар елде өнімділіктің төмендеуі жағдайында Италия, Латвия, Испания сияқты Еуропалық Одақ елдерінің нарығы тартымды екенін атап өтті.

 

Түркия мен Таяу Шығыс елдеріне экспорттың әлеуеті 1 млн тоннаға жуық бидайды құрайды.

 

«Иран нарығына жеткізілімдерді қалпына келтіру маңызды, арпа бойынша біз қазір динамиканы көріп отырмыз, сауданы қаржыландыру және логистика мәселелері пысықталады. Қазақстандық бидай брендін Пәкістан, Индонезия, Бразилия, Малайзия сияқты жаңа нарықтарда ілгерілету жөніндегі жұмыс жандандырылады, онда импорттың өсуі болжанады», — деп түйіндеді Қайрат Төребаев.


  https://t.me/KZgovernment телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына арналған конференция өтті
    ҚМГ мен CNPC мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

    Ұқсас тақырыптар