Алматыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды таратқан адамдар ұсталды

Уақыты: 2024-10-28 Көрлімі: 26 Сипаттама

Қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда есіртк...

Қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда есірткі заттарын жарнамалауға қарсы іс-қимылбойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді.


Бірлескен жұмыстың барысында «50 000 рубльден бастап барлығына жұмыс, еркінжұмыс кестесі, жоғары жалақы» деген мәтінде хабарландыруы бар парақтарды жабыстырып жүрген екі адамның заңсыз әрекеттерінің жолы кесілді.


Аталған адамдарда QR-код бейнеленген 300-ден астам парақ болған, оған өткен кезде есірткі құралдарын өткізу жөніндегі «Телеграм» - арнаға сілтеме жасалады. 


Басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы бойынша алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, тиісті жедел іс-шаралар жүргізілуде. 



Қала прокуратурасы азаматтарды баюдың жеңіл тәсілдерін және жоғары табыс табуды ұсынатын күмәнді жұмыс берушілерге бармауға, керісінше, мұндай фактілер анықталған кезде құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.


Алматы қаласы прокуратурасының сайтынан





Пікір жазу
  • Жоғарғы Сотқа Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Бас хатшысы келді
    Қарағанды-Балқаш автожолының 31 шақырым құрайтын жаңа учаскесінде қозғалыс ашылды

    Ұқсас тақырыптар