Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және осы жылдарға Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заң жобалары депутаттардың қарауына ұсынылады. Түзетулер еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, 2025-2027 жылдарға арналған бюджет параметрлерін және Президент тапсырмаларын негізге ала отырып, Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді.
Сондай-ақ депутаттар «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда талқылайды. Үкімет әзірлеген заң жобасы республиканың аумақтық қорғанысының құқықтық негіздерін, мақсаттары мен қағидаттарын айқындап, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың аумақтық қорғаныс саласындағы өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді.
parlam.kz сайтынан
__