Мәжіліс 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті

Уақыты: 2024-10-30 Көрлімі: 57 Сипаттама

Мәжіліс 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және Ұлттық қордан кепілд...

Мәжіліс 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңдарды қабылдады. Олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, Мемлекет басшысының тапсырмаларын негізге ала отырып әзірленді.


Кіріс 2025 жылы – 15,6 трлн теңге, 2026 жылы – 16,7 трлн теңге, 2027 жылы – 18,2 трлн теңге болады деп болжанып жатыр. Шығындар сәйкесінше 25,8 трлн, 23,2 трлн және 24,6 трлн теңге болмақ. Бұл ретте Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттердің көлемі жылына 2 триллион теңгені құрайды.


Республикалық бюджет шығыстарының 68 пайыздан астамы Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында, ұлттық жобаларда, тұжырымдамаларда, даму жоспарларында және басқа да құжаттарда белгіленген стратегиялық мақсаттары мен нысаналы индикаторларын іске асыруға бағытталған.


Заң жобалары жөніндегі жұмыс топтарының жетекшісі Еркін Әбіл өзінің қосымша баяндамасында бюджет жобасында тұтастай алғанда экономиканың тұрақты өсуі (орта есеппен жылына 5,4%-ға) болжанып отырғанын атап өтті. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі (5,8%), құрылыс (9,3%), ақпарат және байланыс (9,5%) өсу қарқыны бар жекелеген салалар бар. 


Бюджет жобасы мемлекеттiң барлық әлеуметтiк мiндеттемесінiң орындалуын, соның iшiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң жалақысын, зейнетақы мен стипендияны кезең-кезеңiмен арттыруды қамтамасыз етедi.


????

 t.me/mazhilis_kz телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Қазақстанның Қытайдағы Елшісі 11-ші Орталық Азия-Қытай ынтымақтастық форумына қатысты
    Мәжіліс 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті

    Ұқсас тақырыптар