Бейжіңнен Нью-Йоркке 2 сағатта жетуге болады дегенге сенесіз бе?

Уақыты: 2024-10-31 Көрлімі: 23 Сипаттама

Қытайлық Space Transportation компаниясы 4 Mach жылдамдығына жететін коммерциялық ұшақтың прототи...

IMG_4937.jpeg

Қытайлық Space Transportation компаниясы 4 Mach жылдамдығына жететін коммерциялық ұшақтың прототипін сынақтан өткізді. Ол дыбыс жылдамдығынан төрт есе және кеңестік Ту-144 немесе британ-француздық «Конкорд» жылдамдығынан екі есе жоғары. Олар сәйкесінше 1978 және 2003 жылдары пайдаланудан шығарылған-ды.


«Юнсин» ұшағын дыбыстан жылдам ету дизайнда аэроғарыштық технологияларды қолдану арқылы мүмкін болған. Мысалға бұл ұшақ жолаушыларды Бейжіңнен Нью-Йоркке қазіргі 14-15 сағаттың орнына шамамен екі сағат ішінде жеткізе алады. Ұшу және қону тік, лайнер 20 мың метрден астам биіктікке жетуі мүмкін.


   Ұшақ пен қозғалтқыш технологиясын қайта бағалау қараша айында өтеді. Компания алғашқы жолаушылар ұшағын 2027 жылы шығаруды жоспарлап отыр.

 

  t.me/atamekenbusiness_silkway арнасынан 


Пікір жазу
  • Қытайда "ақылды" ауыл шаруашылығы енгізіледі
    Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті

    Ұқсас тақырыптар