eQonaq жүйесінің деректері бойынша, 2024 жылдың алғашқы 10 айында елімізге Қытайдан 122 мыңнан астам турист келген. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64%-ға көп, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2023 жылғы қарашада Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара визасыз режимнің енгізілуі туристер санының айтарлықтай өсуіне ықпал етті. Келісім аясында екі ел азаматтары 30 күнтізбелік күн ішінде визасыз жүре алады.
Сондай-ақ биыл Қытайда отандық туризм кеңінен таныстырылды. Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында елдің ірі қалаларында Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін арттыру мақсатында 30-дан астам ауқымды іс-шара өткізілді.
t.me/atamekenbusiness_silkway