КТ-түсірілім бойынша инсульт белгілерін анықтау үшін инновациялық шешімдерді әзірлеуші Қазақстандық Cerebra AI компаниясы шетелдік нарықтарда да, елімізде де қызметін кеңейтуді жалғастыруда.
47 қазақстандық инсульт орталығында бағдарламалық қамтамасыз етуді 700-ден астам нейрохирург пен невропатолог белсенді пайдаланады. Технология Өзбекстан мен Сауд Арабиясының ауруханаларында да енгізілген.
Компания медициналық деректерді жинау және өңдеу саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі жоспарларға басымдық беріп отыр. Бұл үшін Шанхайдағы VII Қытай халықаралық импорт көрмесі ерекше тұғыр болды.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан