Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) қорында 2014 жылдан бастап және 2022 жылы соғыс басталғаннан бері Украина халқының азаюы есептелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР
Зымыран соққысы қаупіне байланысты Украинаның бірнеше өңірінде жарық сөндірілді
Мұнайға бай елдер белсенді түрде жасыл энергияға көшіп жатыр – ішінде Қазақстан да бар
МӘН-ЖАЙЫ
БҰҰ-ның халық қоры 2014 жылдан бастап Украина халқы 10 миллион адамға азайғанын мәлімдеді. Оның 8 миллионы 2022-2024 жылдарға тиесілі.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қор оның басты себебі соғыс деп атады. БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасының мәліметі бойынша, соғыс 11 973 бейбіт тұрғынның өмірін қиған, ал 6,7 миллион азамат босқын атанды. Сондай-ақ елде туу коэффициенті бір әйелге бір бала деңгейіне дейін төмендеді. Бұл – Еуропадағы ең төменгі көрсеткіш.
БҰҰ қоры халық санағын жедел жүргізуді ұсынды. Олар мұқият демографиялық талдау жағдайды түзетудің ұзақмерзімді стратегиясын таңдауға көмектеседі деп сендірді.
ӘЛЕМДЕ
Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 1,1 миллиард адам өте кедейлік жағдайындаөмір сүретінін айтқан болатын.
Оның ішінде 455 миллион адам – қақтығыстар немесе тұрақсыздық бар елдерде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін кедейлік шегінен төмен халықтың үлесі Қазақстанда 2019 жылдан бері артқаны белгілі болды. 2023 жылдың II тоқсанындағы мәліметтерге сәйкес, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (яғни кедейлік деңгейі) 5,1% құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға төмендеді (4,3%).
каз.ulysmedia.kz сайтынан