Қазақстан – БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының белсенді қатысушысы

Уақыты: 2024-11-18 Көрлімі: 14 Сипаттама

Қазақстан – БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының белсенді қатысушысы Ағымда...

IMG_5101.jpeg

Қазақстан – БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының белсенді қатысушысы 

 

Ағымдағы жылы 4-8 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің делегациясы Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) шақыруымен Австрияның Вена қаласында өткен БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының жүзеге асырылу барысын шолу жөніндегі топтың отырысына қатысты.  


Қазақстан осы негізгі халықаралық құжатқа қосылған 191 мемлекеттің ішінде Конвенцияны орындауды шолудың бірінші кезеңінің екінші цикліне қатысуда.  


Осы шолу шеңберінде қатысушы елдер өздерінің ұлттық заңнамаларының Конвенция талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бағаланады.  


2019 жылдың ақпан айында аяқталған бірінші кезеңде сыбайлас жемқорлықты қылмыстық қудалау, құқық қорғау қызметі және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бағаланды.  


Бұл ретте сарапшылар ретінде басқа мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарының мамандары әрекет етеді.  


Ағымдағы циклде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлігінде қабылданып жатқан шараларды және активтерді қайтару жұмыстарын Қытай мен Филиппин сарапшылары талдайды. 


Өз кезегінде Қазақстандық сарапшылар Никарагуа бойынша бағалау жүргізуде.  


Өткен отырыстың негізгі күн тәртібі Конвенцияның жүзеге асыру барысын шолу тетігін жетілдіру мәселелері қарастырылды. 


Талқылаудың басты тақырыптарының қатарында ұсынымдарды мониторингілеуге арналған бірыңғай электрондық платформа құру, шолу процестеріне тәуелсіз сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерін тарту, сондай-ақ бағалаушылардың кәсіби даярлығын арттыру бастамалары болды. 


Қазақстандық делегация тақырыптық панельдік сессияға қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн тәртібін дамыту бойынша іске асырылып жатқан шараларға, заңнамалық бастамаларға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің практикалық нәтижелеріне қысқаша шолу жасады.  


Сонымен қатар іс-шара барысында тәжірибе алмасуға және Конвенция ережелерін ұлттық заңнамаға сәтті енгізуге бағытталған шетелдік әріптестермен кездесулер мен талқылаулар өтті.  


Жалпы, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тиімді құралдарын іздеу Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жұмысының басым бағыттары болып қала береді.

_         

https://t.me/antikornews сайтынан

Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады  
    Жыл соңына дейін 180 өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылады

    Ұқсас тақырыптар