Қазақстан өз аумағы арқылы Ресейден Қытайға газ транзитінің шарттарын атады

Уақыты: 2024-11-25 Көрлімі: 68 Сипаттама

Қазақстан өз аумағы арқылы Қытайға ресейлік газды жеткізуге мүдделі және оң шешім қабы...

IMG_5194.jpeg

Қазақстан өз аумағы арқылы Қытайға ресейлік газды жеткізуге мүдделі және оң шешім қабылданса, бұл бағыт үшін аумақ беруге дайын. Бұл жайлы журналистерге еліміздің энергетика министрі айтты. Алмасадам Сатқалиев, біздің тарап ел нарығына 10 миллиард текше метрге дейінгі газды арнайы бағамен алғысы келетінін негізгі шарт ретінде атады. Сондай-ақ, ол аталмыш жоба бірінші кезекте екі мемлекеттің құзыретіне жататынын, олар жобаны жүзеге асыруды бастау үшін негізгі параметрлерді өздері анықтауы тиіс екенін атап өтті.


  Еске салайын, 15 қарашада Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак ресейлік тарап Қытайға газ экспортының жаңа әлеуетті бағытын - Қазақстан арқылы жылына 35 миллиард текше метрге дейін жеткізуді қарастырып жатқанын хабарлады. Содан кейін ол бұл жобаны әзірлеу бастапқы кезеңде екенін түсіндірді. Оның айтуынша, ықтимал газ құбырының бағыты Шығыс Қазақстан арқылы өтеді.


   t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм каналынан 


Пікір жазу
  • Қытай (Яньань) -Қазақстан экономикалық және сауда жәрмеңкесі өтті
    Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

    Ұқсас тақырыптар