2024 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанда әртүрлі салаларда бірнеше кәсіпорын іске қосылды.
Жамбыл облысында ет және ет өнімдерін өндіретін кәсіпорын, Қызылорда облысында балық өңдеу және консервілеу кәсіпорны, Алматы облысында жемістер мен көкөністерді консервілеу кәсіпорны ашылды. Жамбыл облысында алкогольсіз және минералды сусындар өндіретін жаңа кәсіпорын, Солтүстік Қазақстан облысында алкогольді сусындар өндіретін кәсіпорын іске қосылды. Алматы қаласында сабын өндіретін кәсіпорын жұмыс істей бастады. Сонымен қатар Қарағанды облысында автокөлік шиналарын өндіретін кәсіпорын ашылды.
Одан бөлек, қазандықтарды қоса алғанда жылумен қамтамасыз ету бойынша 9 кәсіпорын, жиһаз өндіретін 10 кәсіпорын, асфальт өндіретін 6 кәсіпорын, нан және ұннан жасалған кондитер өнімдерін шығаратын 5 кәсіпорын іске қосылды. Сондай-ақ сүт өнімдерін өндіретін 3 кәсіпорын және ұн тарту мен жарма өндірісі саласында 3 кәсіпорын ашылды.
Qazstat.кz сайтынан