Қазақстанда Қытай азаматына халықаралық іздеу жарияланды

Уақыты: 2024-11-27 Көрлімі: 82 Сипаттама

Қазақстанда Қытай азаматына халықаралық іздеу жарияландыБұл туралы Қаржы мониторингт...




IMG_5213.jpeg

Қазақстанда Қытай азаматына халықаралық іздеу жарияланды


Бұл туралы Қаржы мониторингтік агенттігі хабарлады. Ведомство Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде Тянь Баоюаньға қатысты іздестіру ісі  барын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.


Ол Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігінің 2-тармағын ("Аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет") бұзды деген күдікке ілінді.  


Бұл баптың санкциясы бойынша 5000 АЕК-ке дейін айыппұл (2024 жылғы есеп бойынша 18 миллион теңгеден асады) не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.


"Бұл адамға халықаралық іздеу жарияланды, оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды", – деп жазылған ҚМА баспасөз қызметінің жауабында.


 t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Президенті Путинді қарсы алды
    Ресей Президенті Путинді «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

    Ұқсас тақырыптар