Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Уақыты: 2024-11-28 Көрлімі: 22 Сипаттама

Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсізд...


IMG_5229.jpeg

Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтті.


  Саммитке Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келді. Сонымен қатар сессия жұмысына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Бас хатшысы Сергей Лебедев пен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минқатысты.


  Мемлекет басшысы сессия жұмысын ашып, жиын қатысушыларына ризашылығын білдірді.


– Бүгінде ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтін тиімді әрі қажетті халықаралық құрылымға айналды. Ұйымның даму жылдарында мүше мемлекеттер көптеген мәселе бойынша өзара ықпалдастық жасап, мол тәжірибе жинады. Ауқымды нормативтік-құқықтық база қалыптасты. Қазіргі сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күрес тетіктері жолға қойылды. Ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдары жасақталып, қалыпты қызмет етіп жатыр. Беделді халықаралық және өңірлік ұйымдармен конструктивті ынтымақтастық орнатылды, – деді Қазақстан Президенті.


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан 


Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы сессиясына қатысты
    Қытайдың Алматыдағы бас консулы Цзян Вэй Жамбыл облысының әкімі Қарашүкеевпен кездесті

    Ұқсас тақырыптар