Биылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша Қытайдың әуе компаниялары 700 миллион 480 мыңнан астам жолаушы тасымалдап, ал орташа тәуліктік жолаушы тасымалы 2 миллионнан асып, бір жыл бұрынғыдан 18,1 пайызға артты. Бұл Қытайдың азаматтық авиациясының даму тарихындағы жаңа рекорд.
Статистика көрсеткендей, 2024 жылы Қытайдың ішкі бағыттары шамамен 640 миллион жолаушы тасымалдайды, бұл 2023 жылдан шамамен 13%-ға көп.
Халықаралық бағыттағы жолаушылар ағыны да айтарлықтай жақсарып келеді. Есепті кезеңде қытайлық әуе компаниялары халықаралық бағыттар бойынша 60 миллионнан астам жолаушы тасымалдады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 130%-ға көп.
t.me/atamekenbusiness_silkway