Қытай компаниясы келер жылы елімізде бидай өңдейтін зауыт салады

Уақыты: 2024-12-24 Көрлімі: 12 Сипаттама

Премьер-министр Олжас Бектенов Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd. компаниялар тобының басқарма төр...


IMG_5513.jpeg

Премьер-министр Олжас Бектенов Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd. компаниялар тобының басқарма төрағасының орынбасары Ма Хуньхан бастаған қытай делегациясымен кездесу өткізді. Агроөнеркәсіп кешені саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ көмір химиясы мен машина жасау салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. 


   Қытайлық көпсалалы Dalian Hesheng Holdings компаниясы бидайды өңдеу және ашыту саласындағы технологиялық патенттің иегері саналады және озық цифрлық технологияларды пайдаланады. Ақмола облысында бидайды тереңдете өңдеу бойынша тігінен кіріктірілген өнеркәсіптік парк құрылысының жаңа инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланып отыр. 


   Бірінші кезеңде инвестиция көлемі $500-800 млн-ды құраса, жобаны іске асырудың екінші және үшінші кезеңдері тағы $1 млрд-қа бағалануда. Алғашқы кезеңде қайта өңдеу қуаты жылына 3 млн тоннаға дейін өсу перспективасымен 1 млн тоннаны құрайды. 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. 

 

  Жобада көмір жылу электр стансасы мен көмір химиясы кешенінің құрылысы да қарастырылған. Көмірді қайта өңдеу нәтижесінде жылына 150-400 мың тонна сұйық аммиак алынады деп күтілуде.

 

   t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан .


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
    Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

    Ұқсас тақырыптар