Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Уақыты: 2024-12-30 Көрлімі: 249 Сипаттама

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті Ресей тарапының бастам...

IMG_5559.jpeg

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті


   Ресей тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.


  Президенттер Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines компаниясы ұшағының апатқа ұшырап, Қазақстан және Ресей азаматтарының қаза табуына байланысты бір-біріне көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.


  Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин апат себептерін анықтау үшін тараптардың атқарып жатқан жұмыстарын талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы тергеу ісін Әзербайжан, Ресей және Бразилия елдерінің мамандарын тарта отырып жүргізіп жатқанын айтты.


  Президенттер тергеу амалдарын жан-жақты және ашық жүргізудің маңызды екенін атап өтті.


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан 


Пікір жазу
  • Олжас Бектенов Астанадағы Әзербайжан елшілігінің көңіл айту кітабына жазба қалдырды
    Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы қалай жүріп жатыр?

    Ұқсас тақырыптар