Чикаго конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес, Ақтаудағы әуе апаты бойынша Қазақстан тергеу жүргізетін мемлекет деп танылады. Демек ол қара жәшікті қалай және қай жерде оқу туралы шешім қабылдай алады.
Конвенцияны 1992 жылы ратификациялаған, және Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі ретінде Қазақстан қара жәшіктерді Embraer әуе кемесін шығарған Бразилия елінің авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы дербес шешім қабылдады.
CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.
Өз кезегінде Ресей қара жәшіктерді Мемлекетаралық авиациялық комитет (ТМД бойынша орган) құзырына беруді өтінген болатын. Бірақ ондай жағдайда Мәскеудің зерттеу барысын өз мүддесіне пайдаланып кету қаупі бар екенін ескерген Қазақстан, тәуелсіз халықаралық сараптау орталығына жүгінгенді дұрыс деп тапты.
ИКАО еліміздің бұл әрекетіне риза болды. Осы арқылы Қазақстан Кремльдің жетегіне ермейтінін, қандай жағдайда да дербес, тәуелсіз шешім қабылдайтынын тағы бір дәлелдеді.
Айбар Олжаевтың фб парақшасынан