ҚХР-ның Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды
2024 жылдың 30 желтоқсанында Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңа Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чунлин Қазақстанға келіп жетті. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің лауазымды тұлғалары мен ҚХР дипломаттары оны әуежайда күтіп алды.
Елші Хан Чунлинь әуежайда жазбаша сөз сөйлеп, Си Цзиньпиннің өзін Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 33 жыл толған тұсында , Қазақстандағы 12-ші Төтенше және Өкілетті Елшісі етіп тағайындауын үлкен мәртебе санайтынын айтты. Ол былай деді: Қытай мен Қазақстан тату көрші, жақсы дос, сыйлас әріптестер, таулары тетелесіп, өзендері өбісіп жатқан тағдыры ортақ екі халықтың мыңдаған жылдарға созылған достық қарым-қатынас тарихы бар. Дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бергі 33 жыл бойы екі мемлекет басшыларының стратегиялық басшылығымен Қытай мен Қазақстан қарым-қатынастары үздіксіз серпінді дамып, ұзақ жылдарға құрылған жан-жақты стратегиялық әріптестік тарихындағы ең жоғары деңгейге көтеріліп, екі ел халыққа нақты игілік пен пайда әкелді. Қазақстан «Бір белдеу, бір жолды» бастамасы көтерілген жер, сондықтан да Қытай мен Қазақстан «Бір белдеу , бір жолды» жоғары сапада бірлесіп құрудағы әлемдік ауқымдағы ынтымақтастықтың үлгісі мен эталоны болып танылды. Соңғы жылдары екі мемлекет басшылары өзара тығыз қарым-қатынасып, Қытай мен Қазақстан қарым-қатынастарының жаңа жоспарын құрып, оған жаңа серпін беріп, келешектің көкжиегін межелеп қойды. Тарихтың тың бастау нүктесінде тұрған Қытай, Қазақстанмен бірге болашақта өмірлік достық, жоғары өзара сенім, қуаныш пен қасыретте өзара қол ұшын беру, ортақ гүлдену қағидаттарын басшылыққа алған Қытай-Қазақстан тағдырластық қауымдастығын құруға дайын.
Елші Хан Чунлин Қытай қазіргі таңда Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті төрағасы екенін, Қазақстанның да келесі жылғы екінші кезекті Қытай-Орталық Азия саммитін өткізетінін атап өте келе, осынау маңызды сәтте Қазақстандағы елші болуды өзіне үлкен миссия сыйлаумен бірге аса үлкен жауапкершілік жүктейтінін, өзінің осы міндетті адал атқарып, екі мемлекет басшылары қол жеткізген маңызды консенсусты іске асыруға белсенді түрде кірісіп, Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының алдағы «Алтын отыз жылын>> сомдауға барын салатынын жеткізді.
ҚХР -ның Алматыдағы бас консулдығы сайтынан