2024 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміз 9,8 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартты. Инвестициялардың басым бөлігі тау-кен өнеркәсібіне тартылды. Ең ірі инвесторлар – Нидерланды мен Ресей.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанға тікелей инвестиция салған 10 ел:
Нидерланды – $2,1 млрд
Ресей – 1,7 млрд доллар
Бельгия – $764,7 млн
Қытай – $664,7 млн
Оңтүстік Корея – $597,6 млн
Сингапур – 555,6 миллион АҚШ доллары
Франция – $404,3 млн
Швейцария – $362,9 млн
Люксембург – $359,4 млн
Ұлыбритания – $354,4 млн