Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы

Уақыты: 2025-01-07 Көрлімі: 237 Сипаттама

Құрметті отандастар!Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құ...

Құрметті отандастар!


Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!


Жұртқа жақсылық пен үміт сыйлайтын осы жарқын мейрамда діндар жандар адами құндылықтарға қызмет ету жолында өзара бірігеді.


Рождествода азаматтар ерекше қуанышқа бөленеді, православ дінін ұстанатын адамдар жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға асығады. 


Православ діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасампаздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келеді. 


Қоғамдағы татулық пен түсіністік Қазақстанның тұрақты дамуының мызғымас тірегі болып қала беретініне кәміл сенемін.  


Еліміздің православ христиандарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!


Рождество мерекесі құтты болсын! 


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан 


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
    Елімізде негізгі су қоймаларындағы су көлемі азайып келеді

    Ұқсас тақырыптар