Нанкин қаласындағы Шығыс Қытай университетінің ғалымдары Қытайда алғаш рет ұшатын электромобильді жасады. Бұл көлік жер бетінде кәдімгі көлік сияқты жүріп, қажет болғанда әуеге көтеріліп ұша алады.
Kunpeng 1 көлігі 300 метр биіктікке дейін көтеріліп, кем дегенде 20 минут ұша алады. Болашақта ғалымдар ұшу уақытын екі сағатқа дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Ал жерде оның жылдамдығы 60 км/сағ-қа дейін жетеді.
Қытайда ұшатын электромобилдер бар, бірақ олар дрон технологиясын қолданады. Ал Kunpeng 1 көлігі ерекше, өйткені ол жер бетінде де жүріп, әуеде ұшуға мүмкіндік береді.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан